Ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерциялау офисі
ҒЗНКО мақсаты. Университет студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының адам, қоғам және табиғатты дамыту заңы туралы алған жаңа білімдерін сонымен қатар оқытушылардың ғылыми зерттеу жүргізу бағыттарымен ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметтер нәтижесін түгел қамтитын және Алматы облысының экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізетін коммерциялауға бағыттау.
- Білім және ғылымды біріктіруді қамтамасыз ету;
- Университеттің ғылыми мүмкіншіліктерін пайдалана отырып мамандар дайындаудың сапасын көтеру;
- Коммерциялау мақсатында технологияларды іздеу және бағалау;
- Технологияларды коммерциялау саласында ғалымдарға ақпараттық көмек көрсету;
- АЖ қорғау саласында кеңес беру қызметтерін көрсету;
- Технологияларды коммерциялау тәсілдерін дайындау;
- Университеттегі технологияларды коммерциялау ойларын жариялауда ақпараттық қызметтерді пайдалану;
- Жобаның тұжырымдық негізін дайындау бойынша үрдістерді бақылау және ұйымдастыру;
- Инновациялық жобаларды коммерциялауға жетелеу.
- Коммерциялық бәсекеге қабілетті даму болашағы бар ғылыми жобалар іздеу, талдау, таңдау және нарыққа бағыттау;
- Жоғарғы оқу орындарында және аймақ экономикасында университет ғалымдарының технологияларын коммерциялауға арналған инновациялық инфроқұрылымды құру және басқару;
- Лицензиялау, консалтинг және зияткерлік меншікті қорғау бойынша қызмет ұсыну;
- Жас ғылымдардың шығармашылық өсуіне жәрдемдесу, талантты зерттеушілерді анықтау және қолдау көрсетуге арналған шараларды жүзеге асыру;
- Ғылыми-зерттеу жобаларын жасау бойынша оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттерге кеңес беру;
- Ғзж жүргізу үшін гранттарды ұтып алу бойынша халықаралық, республикалық және аймақтық байқауларға қатысуды ұйымдастыру;
- Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты кеңейту, инновациялық қызметке, ғылым мен техниканың жетістіктерін жүзеге асыруға қатысу, алматы облысы бойынша ғылымды қажетсінетін экономикалық салалардың дамуына ат салысу;
- Халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды өткізу және конференция материалдарын басылымға беру.
Ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерциализациялау офисінің қызметкері Закирулы Олжас "Әмбебап материал алуға арналған полимерлік композиция"өнертабысына патент алды. Осы патенттің негізінде 180 млн. теңге сомасына грант ұтып алынды.
- "Өнімді инновациялық идеяларды іске асыру" атты ішкі конкурс өткізілді, оның мақсаты зерттеу және инновациялық қызметті танымал ету және ынталандыру, Перспективалық зерттеулер мен әзірлемелер үшін ұйымдастырушылық жағдайлар жасау, дарынды ғылыми жастарды анықтау және қолдау болып табылады.
- "Мен жастарға сенемін!"атты байқауҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шарасы өтті. Жетісу университетінің Жастар жобасы коммерцияландыру кеңсесін тапсыра отырып, "Экология"санатында I орынды жеңіп алды.
Ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерциализациялау офисі Жетісу университеті, "Атамекен" өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы, Алматы облысының Өңірлік даму орталығы және "ALATAU"инновациялық технологиялар паркі арасында консорциалдық келісімге қол қою үшін алаң ұйымдастырды.