AP26193915 Тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТУРАЛЫ:
Жобаның атауы: Тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу
Жобаның мақсаты: Жобаның мақсаты заманауи жағдайда Қазақстан Респупубликасында тұрақты даму аясында гидротехникалық құрылыстардың құқықтық табиғатын анықтау, гидротехникалық құрылыстарды салу, пайдалану және қолданысқа енгізудің мемлекеттік құқықтық механизмі мен заңнамасын жетілдіру жолдарын ұсыну, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға келетін қауіптің алдын алу бойынша тұжырымдамалық негіздерді, қорытындылар мен тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу мен негіздеу.
Сайтқа сілтеме: https://gtslaw.kz/?lang=kz
Сайттың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын AP26193915 «Тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу» ғылыми жобасының жүзеге асырылу барысы мен негізгі нәтижелері туралы қоғамның ашық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету. Сайтта жобаның мақсаттары мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, зерттеу кезеңдері, жарияланған ғылыми еңбектер, өткізілген іс-шаралар, конференциялар мен семинарлар, сондай-ақ жоба тобының қызметі туралы мәліметтер орналастырылған. Сонымен қатар, сайт гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі, оларды пайдалану және құқықтық реттеу мәселелері бойынша ғылыми ақпарат алмасуға арналған алаң ретінде қызмет етеді және зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізуге ықпал етеді.
Тапсырмалар:
Көрсетілген мақсат зерттеудің келесі негізгі міндеттерін анықтады:
- Қазақстан Республикасы турақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету нормаларының құқық жүйесіндегі орны мен құқықтық табиғатын анықтау, оның объектілері және субьектілерінің құқықтық жағдайын негіздеу.
- Гидротехникалық құрылыстарды салу, пайдалану және қолданысқа енгізуді реттейтін нормалардың тарихи қалыптасуы мен дамуына құқықтық талдау жасау, заманауи жағдайда экологиялық қауіпсіздік аясында гидротехникалық құрылыстарды құқықтық қамтамасыз ету қағидаларын ұсыну, гидротехникалық құрылыстардың жаңа сыныптамасын әзірлеу;
- Гидротехникалық құрылыстардың құқықтық режиміне қатысты ғылыми әдебиеттерге шолу жасау;
- Қазақстан Республикасында гидротехникалық құрылыстарды салу, пайдалану
және қолданысқа енгізудің мемлекеттік құқықтық тетігіне зерттеу жүргізу; - Қазақстан Республикасында гидротехникалық құрылыстардың меншік иелерінің құқықтық мәртебесін анықтау;
- Цифрландыру жағдайында Қазақстан Республикасында гидротехникалық құрылыстарды бақылаудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерін ұсыну;
- Гидротехникалық құрылыстарды пайдалануда жасанды интелектіні қолданудың құқықтық құралдарын ұсыну;
- «Гидротехникалық құрылыстар туралы» заң актісін жобасын ұсыну;
- Гидротехникалық құрылыстарды жобалау, салу, пайдалану мен қолданысқа енгізуде халықаралық ынтымақтастықты жетілдірудің құқықтық құралдарын ұсыну.
Жоба идеясы: Ғылыми жоба Қазақстан Республикасы тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалануды құқықтық реттеу мәселелерін кешенді ғылыми зерттеу жүргізуге, гидротехникалық құрылыстарды пайдалануды құқықтық реттеуде ұлттық және шетелдік нормативтік құқықтық актілерге талдау жасауға, осы саладағы олқылықтарды анықтап олардың алдын алу, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді реттейтін ұлттық заңнама мен тәжірибені жетілдіруге қатысты ұсыныстар мен қорытындылар жасауға бағытталған.
Күтілетін нәтижелер:
Web of Science базасында импакт-фактор квартилі 1 (бірінші) және (немесе) 2 (екінші) кіретін, Social Science Citation Index-те индекстелетін және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында 50-ден (елу) кем емес процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу;
- Web of Science базасының Social Sciences Citation Index дерекқорында индекстелетін және импакт-фактор бойынша бірінші (Q1) және (немесе) екінші (Q2) квартильге кіретін, сондай-ақ Scopus базасында CiteScore көрсеткіші бойынша процентилі 50-ден кем емес рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу жариялау.
- ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық ғылыми басылымдарда кемінде 4 (төрт) мақала немесе шолу жариялау. Бұл ретте жарияланымдардың кемінде біреуі multidisciplinary (пәнаралық немесе көпсалалы практикалық қолдануға ие) санатында жарық көруі тиіс. Multidisciplinary санатына жатпайтын отандық журналдар үшін ҒЖБССҚК тізімінде екі және одан да көп санат бойынша индекстелетін журналдар есепке алынады.
- Кемінде 1 (бір) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор даярлау (докторантура бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензиясы бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен бірлесіп даярлауға жол беріледі). Бұл ретте диссертацияны жоба аяқталғаннан кейін 2 (екі) жылдан кешіктірмей қорғауға болады.
- Докторантура бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңының 37-бабына сәйкес кемінде 2 (екі) адамның постдокторантура бағдарламасын міндетті түрде аяқтауы талап етіледі. Әрқайсысы ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала жариялауы тиіс.
- Шетелдік және (немесе) қазақстандық баспаларда кемінде бір монография немесе оқу құралын жариялау.
- Ғылыми конференциялар мен форумдарда ғылыми баяндамалар дайындау.
- Кемінде екі авторлық куәлік алу.
- Зерттеудің қорытынды кезеңінде алынған білімдер мен нәтижелерді тарату мақсатында «Қазақстан Республикасы тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өткізу.
- «Гидротехникалық құрылыстар туралы» заң жобасын әзірлеу.
- Жоба тақырыбына сәйкес бір электрондық оқу құралын әзірлеу.
