Бакалавриат

Мерзімдер

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ — https://testcenter.kz
ТЕСТІЛЕУГЕ ТІРКЕЛУ ҮШІН СІЛТЕМЕ https://app.testcenter.kz/auth

ІС-ШАРА АТАУЫ

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

1

Студенттер қатарына қабылдау

20.06 – 25.08

2

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі конкурс

13.07 – 20.07

10.08 дейін

3

Шығармашылық емтихандар (гранттар конкурсына қатысу үшін)

20.06 – 03.07

07.07 – 12.07

4

Шығармашылық емтихандар (ақылы негізде оқу үшін)

14.07 – 07.08

10.08 – 14.08

5

Педагогикалық мамандықтарға арналған арнайы емтихандар (гранттар конкурсына қатысу үшін)

20.06 – 10.07

6

Педагогикалық мамандықтарға арналған арнайы емтихандар (ақылы негізде оқу үшін)

20.06 – 20.08

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер келесі құжаттарды ұсынады:
1) Жеке куәлік (көшірмесі және электронды нұсқасы);
2) ҰБТ сертификаты (10 мамыр – 10 шілде аралығындағы);
3) Аттестат немесе диплом қосымшаларымен (көшірмесі мен түпнұсқасы тексеру үшін);
4) Өлшемі 3×4 см цифрлық фотосурет;
5) Жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар:
  • Көпбалалы (4 немесе одан көп балалы) отбасылардан шыққан балалар үшін:
    • 18 жасқа дейінгі барлық балалардың туу туралы куәліктері;
    • ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттары;
    • көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын ресми құжат (көпбалалы отбасы ретінде мемлекеттік жәрдемақы алушының куәлігі және (немесе) eGov-тан SocID);
    • отбасында 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанында білім алатын студент болған жағдайда – оқу орнынан берілген анықтама;
  • Кемінде үш жыл мәртебесі бар толық емес отбасылардан шыққан балалар үшін:
    • талапкердің туу туралы куәлігі;
    • ата-анасының біреуінің қайтыс болуы туралы куәлік немесе кемінде үш жыл бұрын берілген некені бұзу туралы куәлік 
    • баланы тәрбиелеп отырған ата-анасының соңғы үш жыл ішінде немесе жұбайы қайтыс болған күннен осы күнге дейін некеге тұрмағанын растайтын нотариат куәландырған құжат;
    • егер талапкерді ата-анасының біреуі тәрбиелесе, бірақ туу туралы куәлікте екі ата-анасы да көрсетілген болса – некенің тіркелмегені туралы анықтама (eGov порталы, АХАТ органы немесе Әділет департаменті берген анықтама).
  • Мүгедектігі бар адам(дар)ды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балалар үшін:
    • талапкердің туу туралы куәлігі;
    • мүгедектігі бар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-әпкелерінің (бауырларының) туу туралы куәліктері;
    • мүгедектігі бар аға-әпкелерінің (бауырларының) мүгедектігін растайтын құжаттар.
  • Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар үшін:
    • мүгедектікті растайтын құжат (бала кезінен мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін мүгедектік тобына шектеу қойылмайды).
Ескерту: Әлеуметтік мәртебені растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсыну қажет.