БАКАЛАВРИАТ
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ
Оқуға қабылдауға eGov арқылы өтініш беру
Білімгерлер қатарына қабылдау 20 маусым мен 25 тамыз аралығында қабылдау комиссиясымен өткізіледі.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранты бойынша оқуға құжаттарды қабылдау және (немесе) ақылы оқыту ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, ал «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша кемінде 75 балл, оның ішінде ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл жинаған оқуға түсушілерден (мектеп түлектерінен) құжаттар қабылданады.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранты бойынша және (немесе) ақылы оқуға түсушілерден (колледж бітірушілерінен) құжаттарды қабылдау, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл.
Колледж (ТжКБ және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары) түлектері жоғары білімнің мәндес білім беру бағдарламалары бойынша оқудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылданады. Қабылдау жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу (сұхбаттасу) нәтижелері бойынша жүзеге асырылады, ҰБТ сертификаты талап етілмейді.
І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖУ-ҒА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ:
Мектеп немесе колледж (ТЖКБ ұйымдарының) түлектері:
- Қабылдау жөнінде өтініш (Қабылдау комиссиясында толтырылады);
- Аттестат немесе диплом қосымшаларымен (түпнұсқа);
- Аттестаттың немесе дипломның қосымшаларымен бірге көшірмесі
- Цифрлық құжаттар сервисінен (e-Gov-тан) жеке басын куәландыратын электрондық құжат;
- Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі 2 дана;
- 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (флюорография нәтижесімен бірге, eGov порталынан);
- Медициналық №25 нысаны (егу картасының) көшірмесі;
- 3×4 см көлеміндегі 2 фотосурет;
- ҰБТ сертификаты (мектеп түлектері үшін міндетті);
- Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік немесе оқудың ақысын төлегені туралы түбіртек;
- «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша шығармашылық немесе арнайы емтихан ведомосынан үзінді (шығармашылық және педагогикалық ББ-ына түсушілер үшін);
- «Электрондық үкімет» порталы жеке кабинетінің әскери есепке алу туралы мәліметінің баспа нысаны немесе әскери билеттің көшірмесі (ерлер үшін);
- Әлеуметтік мәртебені, жеңілдіктер мен квоталарды растайтын құжаттардың көшірмелері, салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы (бар болса);
- Жеке іс папкасы;
- 10 файл.
Соңғы 2 жыл ішінде мерзімді әскери қызмет өткеріп келген адамдар:
- Қабылдау жөнінде өтініш (Қабылдау комиссиясында толтырылады);
- Аттестат немесе диплом қосымшаларымен (түпнұсқа);
- Аттестаттың немесе дипломның қосымшаларымен бірге көшірмесі
- Цифрлық құжаттар сервисінен (e-Gov-тан) жеке басын куәландыратын электрондық құжат;
- Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі 2 дана;
- 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (флюорография нәтижесімен бірге, eGov порталынан);
- Медициналық №25 нысаны (егу картасының) көшірмесі;
- 3×4 см көлеміндегі 2 фотосурет;
- Әскери билеттің көшірмесі;
- Сұхбаттасу хаттамасы (емтихан комиссиясымен беріледі, қабылдау комиссиясында);
- Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік немесе оқудың ақысын төлегені туралы түбіртек;
- Әлеуметтік мәртебені, жеңілдіктер мен квоталарды растайтын құжаттардың көшірмелері, салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы (бар болса);
- Жеке іс папкасы;
- 10 файл.
Колледж (ТЖКБ ұйымдарының) түлектері мен жоғары білімі бар тұлғалар (қысқартылған күндізгі оқыту негізінде жоғары білім, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып):
- Қабылдау жөнінде өтініш (Қабылдау комиссиясында толтырылады);
- Диплом қосымшаларымен (түпнұсқа);
- Дипломның қосымшаларымен бірге көшірмесі
- Цифрлық құжаттар сервисінен (e-Gov-тан) жеке басын куәландыратын электрондық құжат;
- Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі 2 дана;
- 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (флюорография нәтижесімен бірге, eGov порталынан);
- 3×4 см көлеміндегі 2 фотосурет;
- «Электрондық үкімет» порталы жеке кабинетінің әскери есепке алу туралы мәліметінің баспа нысаны немесе әскери билеттің көшірмесі (ерлер үшін);
- Сұхбаттасу хаттамасы (емтихан комиссиясымен беріледі, қабылдау комиссиясында);
- Оқудың ақысын төлегені туралы түбіртек;
- Жеке іс папкасы;
- 10 файл.
Жеке іс қағазына оқу ақысын төлегені туралы түбіртекті және білім беру қызметтерін көрсету туралы жасалған шартты өткізбеген оқуға түсушілер, білімгерлер қатарына оқуға қабылдау туралы бұйрыққа енгізілмейді!
Шет тілде ұсынылатын құжаттардың нотариалды куәландырылған қазақша немесе орысша аудармасы болуы қажет. Аударма мәтінін Қазақстан Республикасының нотариусы немесе білім туралы құжаттарды берген елдегі Қазақстан Республикасының консулдығы куәландыруы тиіс.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік алған азаматтар куәлікте көрсетілген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді және ЖЖОКБҰ-ның ректорының бұйрығымен білімгерлер қатарына қабылданады.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімді кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың (№600 от 31.10.2018г.) үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балл алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша) орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.
-
ЖОО-ға түсу үшін нормативтік құжаттарЖОО-ға түсу үшін нормативтік құжаттар
-
Оқуға түсу емтихандарының бағдарламалары, кестесіОқуға түсу емтихандарының бағдарламалары, кестесі
-
2023-2024 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы2023-2024 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
-
2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары мен квоталарының жалпы конкурсына қатысатын БББТ тізбесі2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары мен квоталарының жалпы конкурсына қатысатын БББТ тізбесі
-
Грантқа түскен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсушілердің орташа балдарыГрантқа түскен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсушілердің орташа балдары
-
Шетел азаматтарын қабылдау ережесіШетел азаматтарын қабылдау ережесі
-
Оқуға қабылдауОқуға қабылдау
-
Бакалавриат білім беру бағдарламалары туралы ақпаратБакалавриат білім беру бағдарламалары туралы ақпарат
-
Оқу бағасыОқу бағасы
-
БАСҚА ЖОО –ДАН АУЫСУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАНУБАСҚА ЖОО –ДАН АУЫСУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАНУ
