БАКАЛАВРИАТ

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ

Оқуға қабылдауға өтініш беру

Білімгерлер қатарына қабылдау 10 және 25 тамыз аралығында қабылдау комиссиясымен өткізіледі.

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранты бойынша оқуға құжаттарды қабылдау және (немесе) ақылы оқыту ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, ал «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша кемінде 75 балл, оның ішінде әрбір ҰБТ пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған оқуға түсушілерден (мектеп түлектерінен) құжаттар қабылданады.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранты бойынша және (немесе) ақылы оқуға түсушілерден (колледж бітірушілерінен) құжаттарды қабылдау, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл.

Оқуға түсушілердің (колледж түлектерінің) қысқартылған оқу мерзімін қарастыратын жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы оқуға түсу емтиханының нәтижесі бойынша, сұхбаттасу түрінде қабылданады.

І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖУ-ҒА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ:

(Мектептен кейінгі күндізгі, күндізгі қысқартылған ТЖКБ негізінде)

  1. Қабылдау жөнінде өтініш; (Қабылдау комиссиясында толтырылады)
  2. Аттестат немесе диплом қосымшасымен (түпнұсқа);
  3. Аттестат немесе диплом қосымшасымен көшірмесі;
  4. ҰБТ сертификаты;
  5. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (бар болса);
  6. Әлеуметтік мәртебені, жеңілдіктер мен квоталарды растайтын құжаттардың көшірмелері, салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы (бар болса);
  7. «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша шығармашылық немесе арнайы емтихан ведомосынан үзінді (шығармашылық және педагогикалық БББ-ға түсушілер үшін);
  8. Оқудың ақысын төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға түскен жағдайда);
  9. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
  10. №25 нысаны (егу картасы)көшірме;
  11. 3х4 фотосурет 6 дана;
  12. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі 2 дана;
  13. Спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың біреуінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  14. Тіркеу куәлігінің көшірмесі, әскери билеттің көшірмесі (ерлер үшін);
  15. Жеке іс папкасы;
  16. 1 конверт;
  17. 5 қосымша файл.

МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРГЕН АЗАМАТТАРҒА І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖУ-ҒА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ:

(Мектептен кейінгі күндізгі, күндізгі қысқартылған ТЖКБ негізінде)

  1. Қабылдау жөнінде өтініш; (Қабылдау комиссиясында толтырылады)
  2. Аттестат немесе диплом қосымшасымен (түпнұсқа);
  3. Аттестат немесе диплом қосымшасымен көшірмесі;
  4. Әлеуметтік мәртебені, жеңілдіктер мен квоталарды растайтын құжаттардың көшірмелері, салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы (бар болса);
  5. Сұхбаттасу хаттамасы (емтихан комиссиясымен беріледі, қабылдау комиссиясында);
  6. Оқудың ақысын төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға түскен жағдайда);
  7. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
  8. №25 нысаны (егу картасы) көшірме;
  9. 3х4 фотосурет 6 дана;
  10. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі 2 дана;
  11. Спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың біреуінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  12. Әскери билеттің көшірмесі;
  13. Әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО немесе E-GOV);
  14. Жеке іс папкасы;
  15. 1 конверт;
  16. 5 қосымша файл.

Қысқартылған оқу мерзімі бойынша ақылы оқуға құжаттарды қабылдау жоғары білімі бар оқуға түсушілерден сұхбаттасу емтиханын түрінде жүргізіледі.

І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖУ-ҒА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ:

(Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып: Қысқартылған күндізгі оқыту негізінде Жоғары білім, Қысқартылған күндізгі оқыту негізінде ТжКБ)

  1. Қабылдау жөнінде өтініш; (Қабылдау комиссиясында толтырылады)
  2. Диплом қосымшасымен (3 тілдегі қосымша түпнұсқа);
  3. Дипломның, дипломның қосымшасының көшірмесі;
  4. Сұхбаттасу хаттамасы (емтихан комиссиясымен беріледі, қабылдау комиссиясында);
  5. Оқудың ақысын төлегені туралы түбіртек;
  6. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
  7. 3х4 фотосурет 6 дана;
  8. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі 2 дана;
  9. Тіркеу куәлігінің көшірмесі, әскери билеттің көшірмесі (ерлер үшін);
  10. Жеке іс папкасы;
  11. 1 конверт.
  12. 5 қосымша файл.

Жеке іс қағазына оқу ақысын төлегені туралы түбіртекті және білім беру қызметтерін көрсету туралы жасалған шартты өткізбеген оқуға түсушілер, білімгерлер қатарына оқуға қабылдау туралы бұйрыққа енгізілмейді!

Шет тілде ұсынылатын құжаттардың нотариалды куәландырылған қазақша немесе орысша аудармасы болуы қажет.

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік алған азаматтар куәлікте көрсетілген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді және ЖЖОКБҰ-ның ректорының бұйрығымен білімгерлер қатарына қабылданады.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімді кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың (№600 от 31.10.2018г.) үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балл алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша) орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.

ЖЖОКБҰ-да академиялық оқу кезеңі аяқталғаннан кейін осы тұлғалар  жыл бойы ҰБТ-ны  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 204 бұйрық) белгіленген мерзімде тапсырады.