БАСҚА ЖОО–ДАН АУЫСУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАНУ
БАСҚА ЖОО-ДАН АУЫСУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІШТЕР МЕН ҚҰЖАТТАР (МЕКТЕП/КОЛЛЕДЖ НЕГІЗІНДЕ КҮНДІЗГІ ОҚУ НЫСАНЫ БОЙЫНША) ҚАБЫЛДАНАДЫ:
1 курс күндізгі, күндізгі (ТжКБ негізде), 2 курс күндізгі, 3 курс күндізгі — педагогикалық емес БББ:
2025 жылдың 6-14 қаңтар аралығында.
3 курс күндізгі (педагогикалық БББ), 2 курс күндізгі (ТжКБ негізде), 4 курс күндізгі: 2024 жылдың 30 желтоқсан — 2025 жылдың 8 қаңтар аралығында.
Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 187а, 101 кабинет
Ауысуға ұсынылатын құжаттар:
- Білім алып жатқан ЖОО ректорының атына ауысуға келісімі туралы қолы қойылған, мөрмен бекітілген өтініш;
- Білім алып жатқан ЖОО-ның қолы мен мөрі қойылған Транскрипт;
- ЖОО-ның осы білім беру бағдарламасы/мамандығы бойынша білім беру қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін лицензиясының көшірмесі;
- БББ аккредиттеу туралы Сертификат;
- ҰБТ сертификатының көшірмесі;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- 3х4 көлемдегі 6 сурет;
- Жеңілдіктер мен квоталарды растайтын құжаттар;
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама,
егер 0/75у нысанындағы медициналық анықтамада психо-есірткілерді есепке алу деректері болмаса, Egov.kz сайтынан жүктеп алуыңызды сұраймыз;
- №25 нысаны (егу картасы)
- Тіркеу куәлігінің көшірмесі немесе әскери билеттің көшірмесі (болған жағдайда);
- Басқа ЖОО білімгері екенін растайтын анықтама;
- Құжат тігілетін мұқаба, конверт, 5 файл.
ҚАЙТА ҚАБЫЛДАНУҒА ӨТІНІШТЕР МЕН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ:
1 курс күндізгі, күндізгі (ТжКБ негізде), 2 курс күндізгі, 3 курс күндізгі — педагогикалық емес БББ:
2025 жылдың 6-14 қаңтар аралығында.
3 курс күндізгі (педагогикалық БББ), 2 курс күндізгі (ТжКБ негізде), 4 курс, 5 курс күндізгі: 2024 жылдың 30 желтоқсан — 2025 жылдың 8 қаңтар аралығында.
Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 187а, 101 кабинет
Қайта қабылдануға ұсынылатын құжаттар:
- Білімі жөніндегі құжат: аттестат немесе диплом қосымшасымен (түпнұсқа);
- Аттестат немесе диплом қосымшаларымен көшірмелері;
- Оқуға қабылдау туралы бұйрықтан көшірме (қайта қабылдау жүзеге асырылатын ЖОО);
- Қайта қабылдау жүзеге асырылатын ЖОО-нан шығару туралы бұйрықтан көшірме;
- Қайта қабылдау жүзеге асырылатын ЖОО-ның қолы мен мөрімен бекітілген Транскрипт
- ЖОО-ның осы білім беру бағдарламасы/мамандығы бойынша білім беру қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін лицензиясының көшірмесі;
- Шетел ЖОО-нан қайта қабылдану үшін түсу емтихандарының нәтижелері;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Жеңілдіктер мен квоталарды растайтын құжаттар;
- 075/у формадағы медициналық анықтама КР ДСУ-175/2020 бұйрығымен бекітілген. Егер медициналық анықтамада психо-есірткілерді есепке алу деректері болмаса, оны kz сайтынан жүктеп алуға болады;
- №25 нысаны (егу картасы);
- Тіркеу куәлігінің көшірмесі, әскери билеттің көшірмесі (болған жағдайда)
- 3х4 көлемдегі 6 сурет;
- Құжат тігілетін мұқаба, конверт, 5 файл.