БАСҚА ЖОО–ДАН АУЫСУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАНУ

БАСҚА ЖОО-ДАН АУЫСУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІШТЕР МЕН ҚҰЖАТТАР (МЕКТЕП/КОЛЛЕДЖ НЕГІЗІНДЕ КҮНДІЗГІ ОҚУ НЫСАНЫ БОЙЫНША) ҚАБЫЛДАНАДЫ:

2026 жылғы 10-20 тамыз.

Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 187а, 101 кабинет

Ауысуға ұсынылатын құжаттар:

  1. Білім алып жатқан ЖОО ректорының атына ауысуға келісімі туралы қолы қойылған, мөрмен бекітілген өтініш;
  2. Білім алып жатқан ЖОО-ның қолы мен мөрі қойылған Транскрипт;
  3. ЖОО-ның осы білім беру бағдарламасы/мамандығы бойынша білім беру қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін лицензиясының көшірмесі;
  4. БББ аккредиттеу туралы Сертификат;
  5. ҰБТ сертификатының көшірмесі;
  6. Жеке куәлік көшірмесі;
  7. 3х4 көлемдегі 2 сурет;
  8. Жеңілдіктер мен квоталарды растайтын құжаттар;
  9. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
  10. №25 нысаны (егу картасы)
  11. «Электрондық үкімет» порталы жеке кабинетінің әскери есепке алу туралы мәліметінің баспа нысаны немесе әскери билеттің көшірмесі (ерлер үшін);
  12. Басқа ЖОО білімгері екенін растайтын анықтама;
  13. Құжат тігілетін мұқаба, конверт, 5 файл.

ҚАЙТА ҚАБЫЛДАНУҒА ӨТІНІШТЕР МЕН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ:

2026 жылғы 10-20 тамыз.

Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 187а, 101 кабинет

Қайта қабылдануға ұсынылатын құжаттар:

  1. Білімі жөніндегі құжат: аттестат немесе диплом қосымшасымен (түпнұсқа);
  2. Аттестат немесе диплом қосымшаларымен көшірмелері;
  3. Жеке куәлік көшірмесі;
  4. Жеңілдіктер мен квоталарды растайтын құжаттар;
  5. 075/у формадағы медициналық анықтама КР ДСУ-175/2020 бұйрығымен бекітілген; 
  6. №25 нысаны (егу картасы);
  7. «Электрондық үкімет» порталы жеке кабинетінің әскери есепке алу туралы мәліметінің баспа нысаны немесе әскери билеттің көшірмесі (ерлер үшін);
  8. 3х4 көлемдегі 2 сурет;
  9. Құжат тігілетін мұқаба, 10 файл.
  10. Оқуға қабылдау туралы бұйрықтан көшірме (қайта қабылдау жүзеге асырылатын ЖОО);
  11. Қайта қабылдау жүзеге асырылатын ЖОО-нан шығару туралы бұйрықтан көшірме;
  12. Қайта қабылдау жүзеге асырылатын ЖОО-ның қолы мен мөрімен бекітілген Транскрипт
  13. ЖОО-ның осы білім беру бағдарламасы/мамандығы бойынша білім беру қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін лицензиясының көшірмесі;