Битлеуов Берик Амантаевич

Cтепень: магистр

Спортклуб төрағасы, жаттықтырушы

Білімі

  • 1990 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік дене тәрбиелеу мәдениеті институтын аяқтап, еңбек жолын 1991 жылы І. Жансүгіров атындағы  Жетісу Мемлекеттік университетінде спорттық пәндер кафедрасының жеңіл атлетика оқытушысы қызметінен бастап, 30 жыл бойы жұмыс істеп келеді.

  • ҚР туризм және спорт магистірлігінің квалификациялық комиссиясының шешімі мен 22.12.2011 жылғы №1-10/262 бұйрығымен Битлеуов Берик Амантаевичке ауыр атлетикадан жоғары квалификациялық деңгейдегі оқытушы-жаттықтырушы категориясы берілді.
  • 2012 жылы университетіміздің магистратурасын аяқтап, 6М010300 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім магистрі дәрежесін алды.

  •       І. Жансүгіров атындағы  Жетісу Мемлекеттік университетінің Ғылыми Кенесінің 2016 ж. 02 ақпаның шешімімен № 6 хаттамасымен  Битлеуов Берик Амантаевичке университетіміздің «Академиалық доценті» атағы берілді.

  • Біліктілік комиссиясының шешімі бойынша: «Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы» жеңіл атлетика жаттықтырушысы Битлеуов Берик Амантаевичке «Жеңіл атлетика спорт төрешісі» төрешілік санаты берілді 2019 ж. «23» 09 №56 «Дене шынықтыру және спорт бөлімі»  ММ бұйрығы куәлік №359

Жетістіктері

  • ҚР Білім және ғылым министрлігі, Үлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы VII – Жазғы Универсиаданы дайындап, өткізуге зор үлес қосқаны үшін министрліктің құрмет грамотасымен марапатталды. Министр Б. Жұмағұлов, Астана-2009 ж.
  •  2014 жылы Үлкен спорттың ізбасарларын дайындауға қосқан үлесі және ғылыми-әдістемелік жұмысты дамытудағы  елеулі еңбегі үшін ҚР Білім және Ғылым Министірлігінің Ұлттық Ғылыми Практикалық Дене тәрбиесі орталығынын медалімен марапатталды.

  • Қазақстан Республикасында кәсіби жекпе-жек спорттық Джиу-джитсу Профи-файт спортының дамуына қосқан үлесі мен еңбегі үшін Муса Дауреннің төсбелгісімен марапатталды – 2015 жыл;

  • Талдықорған қаласының әкімі Б. Қарасаев Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай, Спорт саласындағы жеткен толағай табыстары мен қаланың қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін алғыс хатпен шынайы алғысын білдірді – 2016 жыл;

  • Алматы облысының олимпиадалық резервтер дайындау орталығы үлкен спорттың ізбасарларын даярлауға қосқан үлесі мен спорттағы ғылыми-әдістемелік жұмысты дамытудағы қосқан елеулі еңбегі үшін  2016 жылы Құрмет грамотасымен марапаттаған;

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында және «Қала күні» мерекесіне орай өткізілген спорттық-көпшілік іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына белсенді қатысып, қаламыздың қоғамдық өміріне зор үлес қосқаны үшін 2016 жылы Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі грамотасымен марапатталды;

  • ҚР Білім және ғылым министірлігі ҚР-ның IX – Жазғы Универсиадасын өткізуге қосқан елеулі еңбегі үшін Битлеуов Берик Амантайұлын «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Министр Е.Сағадиев, Астана-2017 ж.
  • Қазақстан Республикасының IX-Жазғы универсиадасын өткізуге қосқан елеулі еңбегі үшін 2017 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы грамотасымен марапаттады

  •  2017 жылы І. Жансүгіров атындағы  Жетісу мемлекеттік университетінің дамуы мен кемелденуіне қосқан зор үлесі әрі ғылым саласындағы үздік жетістіктері үшін І. Жансүгіров медалімен марапатталды.
  •  Өз ісінің кәсіби маманы ретінде жоғары жетістіктерге университет спортклубының төрағасы  қызметінде қол жеткізді. 2011-2013 жылғы ҚР Жазғы Универсиадаларында университетіміз IV жүлделі орынға ие болды.    Жеңіл атлетка мен қатар Берик Амантаевич университетіміздің ауыр атлетика құрама командасынада жетекшілік етіп 2011 жылғы VI, 2013 жылғы VII, 2015 жылғы VIII және 2017 жылдын қазан айында университетімізде өткен IХ Жазғы Универсиадасындада төртінші рет жалпы командалық есепте I-ші орынды жеңіп алды.

Ғылыми жұмыстары

  • Ғылыми жұмыс бойынша 30 дан астам ғылыми мақалалары РИНЦ, ККСОН, халықаралық және республикалық басылымдарда шығарылды. 
  • Сонымен қатар ҚР БҒМ ҒК грантына   «Разработка методов профессионального отбора и контроля психофизиологического состояния высоко квалифицированных спортсменов» тақырыбы бойынша  қатысып, спорттық жаттықтыру процесінің психофизиологиялық зертеулері бағытындағы тақырыптар бойынша жұмыс істеді.

  • Жұмыс істеу барсында университетіміздің спорттық имиджін көтерген  студенттер жеңіл атлетикадан  ҚР спорт шеберлері Г. Жанатбек, И. Иванов   А. Имашев, сияқты спортшылардың жоғары жетістіктерге қол жеткізуіне ықпал етіп оқу-жаттықтыру процесін жоспарлауға елеулі үлесін қосты.

  • І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «Спортшылар ағзасының қызметтік мүмкіндіктерін тестілеу әдістері». Әдістемелік нұсқаулық. ISBN 978-601-216-190-8 Талдықорған, 2012 ж.

  • І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «Жасөспірім жеңіл атлеттердің жаттығу үрдісін жоспарлау негіздері». Оқу-әдістемелік құралы. ISBN 978-601-216-500-5 Талдықорған, 2018 ж.
  • І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университеті «Тандаған мамандығын кәсіптік жетілдіру». (Жеңіл атлетика). Оқу-әдістемелік құралы. ISBN 978-601-216-499-2 Талдықорған, 2018 ж.
  • І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «Қысқа қашықтыққа жүгіруші жеңіл атлеттердің техникалық дайындығын жетілдіру әдістемесі». Оқу құралы. ISBN 978-601-216-602-6 Талдықорған, 2019 ж.