«Jas ǵalym» байқауы

Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas galym» байқауы жарияланады

Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Ақпараттық технологиялар (IT);
  • Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;
  • Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология;
  • Туризм.

Байқауды өткізу кезеңдері:

1. Өтінімдерді қабылдау – 01.03. 2021ж. – 22.03.2021ж.;

2. Берілген өтінімдерді ресми тексеру – 22.03.2021– 31.03.2021ж.;

3. Сараптама комиссиясының алдында жобаларды қорғау / таныстыру 01.04.2021ж. – 16.04.2021 ж.;

4. Сараптама комиссиясының берілген өтінімдерді бағалауы – 22.03.2021ж.-31.03.2021ж.;

5. Нәтижелерді жариялау және гранттарды тапсыру – 29–30 сәуір 2021 ж. конкурс жеңімпаздарымен (бұдан әрі-грант алушылармен) шарттарды ресімдеу);

6. Жобаларды іске асыру – 1.05.2021ж. –1.05.2022ж.;

7. Сараптамалық комиссияға орындалған ҒЗЖ нәтижелері туралы есептерді ұсыну – тоқсан сайын (30 – күніне дейін, маусым, қыркүйек, желтоқсан);

8. Сараптамалық комиссияның орындалған ҒЗЖ нәтижелерін бағалауы және ҒЗЖ қабылдау актілерін ресімдеу – 2022 жыл сәуір.

Конкурсқа қатысу ережелері мен талаптары:

  • Байқауға ұжымдық өтінімдер қабылданады.
  • Ұжымдық өтінім конкурсына берген кезде оны берген қатысушылар өз қатарынан ҒЗЖ басшысын айқындайды. Әрбір ұжымдық өтінімде бір ғана жоба жетекшісі бола алады.
  • Конкурстың әрбір қатысушысы бір ғана өтінімге қатыса алады.
  • Зерттеу тобы, оның ішінде жоба жетекшісі  18–40 жас аралығындағы 3–5 қатысушыдан тұруы керек. Бұл талапты бұзған жағдайда сараптама комиссиясының алдында негізделуі тиіс. Ақпарат Грант туралы келісімде көрсетілген.
  • Ұсынылатын жұмыстардың қорытынды нәтижесі дайын техникалық бұйымды (жұмыс прототипін), конкурс бағыттарына сай келетін өнеркәсіптік үлгіні не осы конкурста ұсынылған салаларды дамытудың қолданылатын стратегиясын әзірлеу болуы тиіс.

Жүктеу құжаты

e-mail: gylym.zhu@gmail.com

Тел.: (8 7282) 22-12-06  номер (1193) 

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған