«Адалдық сағаты»

2021 жылдың 8 сәуірінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  оқытушылары мен студенттерімен «Адалдық сағаты» атты онлайн кездесу өтті. Кездесудің спикерлері Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры Баймырзаев Қуат Маратұлы, «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы болды. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің күшейтілгені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы айтты. Кездесуге қатысушыларға ақпарттық профилақтикалық мазмұндағы бейне роликтер көрсетілді. Кездесу барысында спикерлерге сұрақтар қойылды, студенттер сұрақтарға толыққанды жауап алды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.