«Қыз бала-халықтың шырайы»

Ақпан айының 18 жұлдызында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі деканатының ұйымдастыруымен «Қыз бала-халықтың шырайы» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.  Кеш қонақтары ретінде зейнеткер ұстаз-Минуар Құсмановна; Аяулы жар, мейірімді ана-Күлсін Тұрсынбаева; Блогер, «Жетісу келіндері» байқауының жеңімпазы – Салтанат Спандиярова өнегелі тәрбиемен тағылымды әңгімелерімен бөлісті. Кеш соңында қыздарға арналған «Көзайым» клубының тұсау кесері өтіп, салтанатты ашылуы орын алды.