Кездесу

23-25  ақпан аралығында университетіміздің күндізгі бөлімінде оқитын мемлекеттік білім беру тапсырысы, ауылдық квота шегінде бітіруші түлектеріне міндетті жұмыспен өтеу мәселелері бойынша онлайн форматта кездесу өтті. Педагогика және психология жоғары мектебі бойынша: мемлекеттік грант негізінде – 8 түлек, ауылдық квота шегінде – 7 бітіруші түлек, Құқық және экономика жоғары мектебі бойынша: мемлекеттік грант  негізінде – 5 бітіруші түлек, Техникалық ғылымдар жоғары мектебі бойынша: мемлекеттік грант негізінде – 16 түлек, ауылдық квота шегінде – 5 бітіруші түлек, Жаратылыстану жоғары мектебі бойынша: мемлекеттік грант негізінде – 35 бітіруші түлек, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі бойынша: мемлекеттік грант негізінде – 8 түлек, ауылдық квота шегінде – 6 бітіруші түлек, Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі бойынша: мемлекеттік грант негізінде – 29 түлек, ауылдық квота шегінде – 4 бітіруші түлек қатысты. Сонымен қатар жоғары мектеп декандары, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы, түлектерді жұмысқа орналастыруға жауапты тұлғалар қатысып, «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 17-тармағына, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген Жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес, үш жыл жұмыспен өтеу міндеті туралы ақпараттар түсіндіріліп, бітіруші түлектердің сұрақтарына жауаптар берілді.