2022 жылғы 22 тамызда Жетісу университетінде Цюрих (Швейцария) университетінің әлеуметтік антропология және мәдени зерттеулер департаментінің Еуразиялық зерттеулер орталығы ашылады. Орталықты Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – ректор Қуат Баймырзаев және Цюрих университетінің өнер және әлеуметтік ғылымдар факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, профессор Петер Финке салтанатты түрде ашады.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/08/WhatsApp-Image-2022-08-22-at-11.02.43-1024x1024.jpeg)