Erasmus+KA107 стипендиялық бағдарламасы

Erasmus+KA107 бағдарламасын іске асыру және университеттің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын орындау мақсатында Басқарма мүшесі-ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Бахтаулова Алефтина Сембаевна бастаған қызметкерлер мен оқытушылардың ұтқырлығы бойынша Erasmus+KA107 стипендиялық бағдарламасына қатысу үшін үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Erasmus+KA107 бағдарламасының қатысушыларына “Mobility call for training or teaching stays at the University of Cadiz, within the framework of the European programme Erasmus+ KA107 (Еуропалық Erasmus+ KA107 бағдарламасы шеңберінде Кадис Университетінде оқыту немесе оқытушылық болу үшін ұтқырлыққа шақыру)” құжатына сәйкес талаптар қойылды:

– Ағылшын тілін білу туралы халықаралық сертификат В2-ден төмен емес (IELTS, TOEFL, т.б.).

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығының маманы Камиденова К. онлайн ұтқырлық бойынша жөнелтуге ұсыну туралы шешім қабылданды.