Семинар-тренинг

«Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы оқытушылардың эмпирикалық зерттеулерін іске асыру» тақырыбындағы оқыту семинар-тренингі

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру және  «ЖООКБББ оқытушылық қызметіне тарту үшін шетелдік ғалымдар санын бөлу жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі №155 бұйрығын орындау мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне физика докторы, Даугавпилс университетінің доценті (Латвия, Даугавпилс қ.) Ignatjeva Svetlana келді.

2022 жылдың 3 қарашасында «Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы оқытушылардың эмпирикалық зерттеулерін іске асыру» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өтті. Семинар-тренингке жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушылары мен жас ғалымдары қатысты. Семинар барысында ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми зерттеудің өмірлік циклы мәселелері талданып, өткізілген зерттеулерден мысалдар келтірілді.