ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНАН ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫҚ

Қараша айының үшінші жұлдызында І Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Спорт клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында тоғызқұмалақ ойынынан спартакиада өтті. Мақсат, қазақ халқының ұлттық ойынын насихаттау болып табылады.  

Тоғызқұмалақ қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойыны. Бүгінде ол кемелденіп, даму үстінде. Бұнда қатысушылардың ойнау тәсілі, ақыл-зеректігі және жылдам ойлау қасиеті сарапқа салынады. Қаз-қатар тізілген ұяшықтардағы үйілген құмалақтарды ойнату, ойынға қосу үлкен шеберлікті қажет етеді. Бүгінгі додаға  облыстық, республикалық ойындарда жеңімпаз атанған ойыншыларда болды. Тартысқа толы бәсекеде бас бәйгені Жаратылыстану ғылымдар жоғары мектебі иеленді. Қыздар арасындағы үшінші орын Гуманитарлық жоғарғы ғылымдар мектебі Журналистика және ақпарат БББ-ның білімгері Назерке Кәкімоваға бұйырды.