Құттықтаймыз!

«ЖОО үздік оқытушысы – 2022» республикалық байқауының қорытындысы шықты. Үздік оқытушылар қатарында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің екі оқытушысы да бар. Олар ф-м.ғ.к., Жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша білім беру бағдарламаларының қауымдастырылған профессоры (доцент) Рахымбеков Айтбай Жапарұлы, және э.ғ.к. Қаржы және қызмет көрсету саласындағы білім беру бағдарламаларының қауымдастырылған профессоры (доцент) Шөмшекова Балхия. Олардың әрқайсысына 6 млн теңге мөлшерінде сыйақы тағайындалды. Университет ұжымы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2022» атағы иегерлерін шын жүректен құттықтайды!Әріптестерімізге шығармашылық табыс пен жетістіктер тілейміз!