Құттықтаймыз!

Агрономия мамандығының 3 курс білімгерлері 2022 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық байқауында «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін Тілеужанова Әсел, Шабден Аяулым, Сұлтан Саят, Әлімғазы Арайлым III-дәрежелі дипломмен марапаталды.

Жеңімпаздарды Техникалық ғылымдар жоғары метебінің деканы Андасбаев Ерлан Сүлейменұлы құттықтады.
Студенттерге алдағы уақытта да биік белестерге жетуін тіледі.