Білім беру бағдарламасы мен оқу үрдісінің кестесіне сәйкес, 2-ші жартыжылдықта С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінен «6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 3 курс студенті Сулейменова Сая Қайратқызы академиялық ұтқырлық негізінде оқуға келді. 3 курс ҚТӘ 311 топ білімгері Сулейменова Сая 2023 жылдың 09 қаңтарынан – 2023 жылдың 18 ақпан аралығында Талдықорған қаласы Құлжабай Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп-лицейінен педагогикалық практикадан өтуде.