Қазақ бидайын жақсату үшін генетикалық ресурстарды әзірлеу

      Бидай әлемдегі ең көп сатылатын тауарлардың 64-шісі және Қазақстан аймақтағы негізгі бидай экспорттаушысы болып табылады. Мемлекет жыл сайын ~16 миллион тонна бидай өндіріп, оның жартысын экспорттайды. Бұл елге бір маусымда ~1,2 миллиард доллар табуға және сонымен бірге жаһанның азық-түлік қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бидай Қазақстанның өз азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі көзі болып табылады, өйткені жергілікті тағамдық тауарлардың көпшілігі бидай ұнынан жасалады. Еуропамен салыстырғанда (~109 кг), Қазақстандағы жан басына шаққандағы бидай ұнын тұтынудың жоғары мөлшері (~143 кг) осының дәлелі.

Осы фактілерге қарамастан, Қазақстандағы бидайдың орташа өнімділігі (~1 т/га) дүние жүзіндегі ең төмен көрсеткіш болып табылады және бұл көрсеткіш 1950-60 жылдардағы тың игеру кезінен бері айтарлықтай өзгенген жоқ. Сонымен қатар, өсімдік селекциясында ең озық геномдық әдістерді қолданудың нақты пайдасын көріп отырған Ұлыбританияның бидай селекциясы жүйесімен салыстырғанда, Қазақстандағы бидай селекциясы негізінен дәстүрлі селекциялық әдістерге негізделген. Маңыздысы, Ұлыбританияда геномдық тәсілді басқа да қарқынды ауылшаруашылық тәжірибелерімен үйлестіру нәтижелері бидайдың орташа өнімділігін екі есеге, яғни 4-тен 9 т/га, арттыруға айтарлықтай оң әсер етті. 

Сондықтан, аталған гранттық жобаның негізгі мақсаты – замануи генетикалық стратегияларды пайдаланып, Қазақстанның және Ұлыбританияның коммерциялық бидай сорттарын будандастыру нәтижесінде алынған бидайдың төрт бипарентальді (екі аталық) популяцияларын шығаруға және олардың әрқайсысының жоғары-тығыздықтағы генетикалық карталарын құруға бағытталған. 

Жобаны жүзеге асыру барысында әзірленетін жалпы саны 384 генотиптен құралатын қазақ бидайының төрт бипарентальді популяциялары және олардың 35000 SNP ДНҚ маркерлерінен тұратын жекелеген генетикалық карталары жобаның нәтижелері болады. Өсімдік ресурстары мен генетикалық деректер жиынтығы жергілікті және халықаралық бидай селекционерлері мен ғалымдары үшін болашақты қолжетімді болады. Жоба нәтижесінде алынатын генетикалық ресурстар әсіресе қазақстандық бидай селекционерлері мен ғалымдары үшін өте пайлады, өйткені төрт гермплазмалық панельдердің әрқайсысын қолдана отырып, олар туыстығы жоғары жергілікті  сорттарды будандастыру арқылы бұрын ажырата алмаған генетикалық факторларды анықтауға мүмкіндік алады. Ал, генетикалық карталар сол маңызды белгілердің генетикалық факторларын бидай геномына генетикалық карталауға мүмкіндік береді.

Нәтижесі:

2022 жылы F6 өсімдіктерін өсіру бойынша күнтізбелік жоспарында берілген барлық тәжірибелер аяқталды. Атап айтқанда, эксперимент әзірленді, CFR формасы ұсынылды, F5 өсімдіктері рандомизацияланған блоктарда автоматтандырылған жылыжайда өсіру үшін өндіріліп, трансплантацияланды. Бұл нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығы – гермплазмалық панельді құрудың жаңа әдістері және оның жылдамдығы. Егер аталған эксперименттер автоматтандырылған өсімдіктерді күту қондырғыларынсыз Қазақстанда жүргізілсе, бұл бүкіл екі маусымды (екі жыл) алуы мүмкін еді.