Парасаттылықтың бірыңғай сағаты

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде парасаттылық пен академиялық адалдықтың бірыңғай сағаты өткізілді. Акцияға барлық жоғары мектептердің, университет пен колледждің түрлі курстарының студенттері қатысты. Кездесу аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері, сессияны тапсыру ережелері және академиялық адалдық сақтау қағидаты талқыланды.