Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2023 жылғы 16 сәуірде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шара оқуды аяқтаушы білімгерді жұмыспен қамту және олардың еңбек нарығындағы белсенділігін арттыру мақсатында өткізілді. Жәрмеңкеге мемлекеттік, жекеменшік мекемелер, құқық қорғау органдары, жергілікті БАҚ өкілдері, банк мекемелері, кәсіпорындар, мектепке дейінгі білім беру, жалпы білім беру мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты.

Жалпы, университеттің 6 жоғары мектебінен оқуды аяқтаушы 974 білімгер қамтылды. Кездесуде болашақ жас мамандар әртүрлі сала өкілдерінен маңызды ақпарат алып, сұхбаттасты. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге өз түйіндемелерін ұсынып, жұмысқа орналасудың ерекшеліктері мен негізгі қағидалары жайлы дерек алды. Аталған шара түлектердің алғашқы жұмыс орнын тауып, кәсіби қалыптасуына ықпал етеді.