ҚОСДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, «7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Султанғазина Алуа қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша Пшасныш қаласындағы (Польша) Лингвистикалық-техникалық университетінде «Филология» мамандығы бойынша білім алды. 20.06.2023 магистрлік диссертациясын «Вербальная репрезентация духовных ценностей казахской культуры в творчестве жырау» тақырыбында қорғап шықты. Комиссия мүшелері тарапынан 5 (өте жақсы) деген бағаға лайық деп танылды. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Л.Т.Килевая.