ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ҰЛАҒАТЫ

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен ұлт ұстазы, алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлт ұстазының ұлағаты» тақырыбында ашық дәріс өтті.

Жиынды өткізудегі басты мақсат – тарихи тұлғаның мұрасы мен ғұмырнамасын, еңбегі мен игі істерін жас ұрпаққа тәлім ету. Кездесуге жоғары мектептің 1-курс білімгерлері қатысты. Ашық дәрісті филологтарды даярлау білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері, филология ғылымдарының кандидаты Кожагулов Сайлау Қажыбекұлы жүргізді.

Ой-талқы барысында оқытушы Ахмет Байтұрсынұлының елдік жолындағы қызметі, ағартушылық мұрасы, ғылымдағы дара жолы жайлы айтып өтті. Сонымен қатар, білімгерлерді ұлы тұлғаның еңбектерімен таныстырып, әдебиеттану, тіл білімі бағыттарындағы зерттеулері жайлы баяндады. Бұл тұрғыда қатысушылар туындаған түрлі ойларын ортаға салып, сауалдарын қойды. Мазмұнды кездесу ортақ пікір алмасу және кітап көрмесін тамашалаумен аяқталды.