«Jas ǵalym» байқауы

Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas galym» байқауы жарияланады

Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Ақпараттық технологиялар (IT);
  • Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;
  • Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология;
  • Туризм.
  • Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар.

Байқауды өткізу кезеңдері:

1. Өтінімдерді қабылдау – 2023 жылғы 12 қыркүйектен 2 қазанға дейін;

2. Сараптама комиссиясының алдында жобаларды қорғау/таныстыру-2023 жылғы 3 қазаннан 6 қазанға дейін;

3. Сараптама комиссиясының берілген өтінімдерді бағалауы-2023 жылғы 17 қазаннан 20 қазанға дейін;

4. Нәтижелерді жариялау және гранттарды тапсыру-2023 жылғы 9 қазанда конкурс жеңімпаздарымен 2023 жылғы 13 қазанға дейін (бұдан әрі-грант алушылар)шарттарды ресімдеу;

5. Жобаларды іске асыру – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

6. Сараптама комиссиясына орындалған ҒЗЖ нәтижелері туралы есептерді ұсыну-тоқсан сайын (30-шы күнге дейін, наурыз, маусым, қазан);

7. Сараптама комиссиясының орындалған ҒЗЖ нәтижелерін бағалауы және ҒЗЖ қабылдау актілерін ресімдеуі-желтоқсан 2024 ж.

Конкурсқа қатысу ережелері мен талаптары:

  • Байқауға ұжымдық өтінімдер қабылданады.
  • Ұжымдық өтінім конкурсына берген кезде оны берген қатысушылар өз қатарынан ҒЗЖ басшысын айқындайды. Әрбір ұжымдық өтінімде бір ғана жоба жетекшісі бола алады.
  • Конкурстың әрбір қатысушысы тек бір өтінімге қатыса алады.
  • Жоба жетекшілері 3 реттен артық қатыса алмайды.
  • Зерттеу тобы, оның ішінде жоба жетекшісі  18–40 жас аралығындағы 3–5 қатысушыдан тұруы керек. Бұл талапты бұзған жағдайда сараптама комиссиясының алдында негізделуі тиіс. Ақпарат Грант туралы келісімде көрсетілген.
  • Ұсынылатын жұмыстардың қорытынды нәтижесі дайын техникалық бұйымды (жұмыс прототипін), конкурс бағыттарына сай келетін өнеркәсіптік үлгіні не осы конкурста ұсынылған салаларды дамытудың қолданылатын стратегиясын әзірлеу болуы тиіс.

Жүктеу құжаты

e-mail: gylym.zhu@gmail.com

Тел.: (8 7282) 22-12-06  номер (1193) 

Қосымша конкурсқа қатысуға өтінім нысаны

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas ǵalym» конкурсқа қатысуға өтінім

1. Конкурстың атауы.

2. Конкурстың мәні болып табылатын ғылымды дамыту бағыттарының атауы.

3. Жоба тақырыбының атауы.

4. Жобаның мақсаты, жобаның міндеттері, өзектілігі, жаңалығы және күтілетін нәтижелері

(500-700 сөз).

5. Халықаралық рубрикатор коды.

6. Зерттеу түрі.

7. Сұратылған қаржыландыру сомасы (жобаны орындау мерзіміне сәйкес, мың теңгемен).

8. Жобаның басталуы мен аяқталуының болжамды мерзімдері.

9. Жобаның ғылыми жетекшісі туралы Дербес деректер (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс/оқу орны, мекенжайы, ЖСН, Байланыс телефондары (телефон, e-mail) және өзі қатысқан жобалар туралы мәліметтер.

Жоба жетекшісінің аты-жөні, лауазымы/факультеті, Оқу курсы_____________________________________________________________ (қолы)

Жоба орындаушысының аты-жөні, лауазымы/факультеті, Оқу курсы_____________________________________________________________ (қолы)

Жоба орындаушысының аты-жөні, лауазымы/факультеті, Оқу курсы_____________________________________________________________ (қолы)