Парасаттылық сағаты

15.09.2023 І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Парасаттылық сағаты» өтті . Акцияға жоғары мектептер мен Zhansugurov колледжінің білім алушылары, координаторлары мен кураторлары қатысты. Іс-шараның мақсаты білім алушыларда дұрыс құндылықтарды қалыптастыру.
Кездесулерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық қылмысының алдын алу, оқу орындарындағы парасаттылық пен әдеп мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жасаған Абай, Мұхтар Әуезов, Талғат Бигелдинов және т. б. сияқты Қазақстанның ұлы тарихи тұлғаларының өмірі мен тәрбие сөздері туралы бейнероликтер көрсетілді.