АҒЫЛШЫН-НЕМІС ТІЛІ КҮНІ

2023 жылдың 19 қыркүйегінде Жетісу университетінде Герман тілдері – ағылшын және неміс тілдері күні өтті. Іс-шараны Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің Шетел тілдер және аударма ісі бойынша білім беру бағдарламалары ұйымдастырды. Білім беру бағдарламасының оқытушылары-Уалиева Сәуле Айтқалиқызы, Доскелдина Айдана Серікболқызы, Омарбекова Гүлжан Мұратқызы, Оспан Айдана Қаниқызы және ИЯР 111, ИЯР 121, АІҚ 211, ШТҚ 211,  ШТҚ 221,  ШТҚ 312  топтарының студенттері Гарри Поттер стилінде іс-шараны ашып, оқытушыларды жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Іс-шара барысында ұлттық тағамдар ұсынылды.