«Өз-өзіне қол жұмсау және оның алдын алу жолдары» тақырыбында семинар өткізді.

21 қыркүйек 2023 ж. «Педагогика және психология» БББ жетекшісі, PhD Бибигуль Жексембаевна Альмухамбетова  және оқытушы-дәріскер, PhD Асем Танирбергеновна Мамекова Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне «Өз-өзіне қол жұмсау және оның алдын алу жолдары» тақырыбында семинар өткізді. Суицидті болдырмау, тығырықтан шығу, қиындықтарды жеңу сияқты мәселелер талқыланып, жастар арасындағы суицидтің негізгі факторлары қарастырылды. Психологиялық семинар өз мақсатына жетті.