АР19678345  «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзіреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» мемлекеттік гранттық қаржыландыру жобасы аясында жоба мүшелері  тәжірибе алмасу мақсатындағы Тбилиси қаласындағы Кавказ университетіне іс-сапармен барып қайтты

2023 жылдың 12-18 қазан аралығында 2023-2025 жылдарда 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» конкурсы негізіндегі АР19678345  «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзіреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» жобасы аясында жоба мүшелері А.С.Таурбекова, Г.К. Есполова, А. Болатбекова, А.Т.Тынысханова тәжірибе алмасу мақсатында Тбилиси қаласындағы Кавказ уинверситетіне  іс-сапармен барып қайтты.   

Іс-сапар барысында Кавказ білім беру мектебінің деканы Алуда Гоглидзе, білім беру бағдарламаларының әкімшілік директоры Саломе Читорелидзе және Грузия мемлекетінің Ғылым және Білім министрлігінің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру департаментінің қызметкері Нико Силагадземен  білім беру жүйесіндегі мәселелер мен болашақ мұғалімдерді даярлау ерекшеліктері жайлы пікір алмасты.

Сапар барысында ЖОО білім берудегі педагогикалық үрдісте қолданылатын  әдіс-тәсілдер талданып, әртүрлі ресурстарды пайдалану жолдары көрсетілді, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзіреттілігін қалыптастыру жайлы сөз қозғалып, ой бөлісті.