ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Шараға өңірдің орта білім беру ұйымдарынан 100-ден аса оқушы қатысты.

Жиын болашақ білімгерлерге кәсіптік бағдар беру және білім беру бағдарламаларымен кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, ашық есік күні жаңа белсенді форматта өтті.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Айна Маратқызы меймандарға мазмұнды ақпарат ұсынып, өзінің кәсіби кеңесімен бөлісті. Кездесуде білімгерлер мамандықтармен таныстырып, өз тәжірибелеріне тоқталды. Жетісу университетін таңдаудың басымдықтарын белгіледі.

Сондай-ақ Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде «Үздіктер ордасы» атты алғашқы жетістіктер көрмесі өтті.  Таныстырылым барысында белсенді білімгер ұсынылатын мүмкіндіктер жайлы айтып, студенттік ұйымдарды таныстырды. Жобаларға шолу жасап, біздің артықшылықтарды айқындады.

Университет аясында өткен экскурсияда қатысушылар инфрақұрылымды көріп, материалды-техникалық базамен танысты. Кездесу соңында оқушылар түрлі сауалдар қойып, толық жауап алды. Жетісу университеті жайлы жағымды әсерлерімен бөлісті.