Yngai өзіңе қайта сен

Yngai-бұл мүмкіншілігі шектеулі жандар үшін көп қабатты үйдегі баспалдақтарға қарамастан өз күшімен көтеріліге мүмкіндік беретін белбеуше.Сонымен қатар Yngai өзіңе қайта сен жобасы арқылы қысыңқы масштабтарда орналасқан бөлмелер арасында,мүмкіншілігі шектеулі жандар дербес қозғала алатын мүмкіндікке ие болады.Жобамыз Yngai толықтай сақтандыру бөлшектерімен қамтылған, жазылмалы дизайнға ие.

 

Жобаның мақсаты:

·         Мүмкіндігі шектеулі жандарға дербес қимылдауға мүмкіндік береді.

·         Мүмкіншілігі шектеулі жандаоды қалыпты өмірге қайтадан қайтару.

·         Мүмкіншілігі шектеулі жандарға тәуелсіз дербес өмірге жаңа мүмкіндік  сыйлау.

 

Күтілетін нәтижелер: Қазіргі таңда жобаның Product Fit кезеңі бойынша жұмыс жасалып жатыр. 1 жылдың ішінде 20 алғашқы үлгілері дайындау.

 

Жобаның жетекшісі:

          Дәурен Нұржанович

– «Үздік оқытушы – 2021» атағының иегері.

– АП05132963-ОТ-20 «Мемлекеттік агроөнеркәсіптік кешеннің 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жер реформасын жүргізу жағдайында ауыл шаруашылығы кооперациясын құқықтық қамтамасыз ету» ғылыми жобасын орындаушы. Іске асыру мерзімі 2018-2020 жж.

– АП08857095-ОТ-20 «Қазақстан Республикасындағы экологиялық ақпаратты цифрландыруды құқықтық реттеу мәселелері» ғылыми жобасының орындаушысы. Іске асыру мерзімі 2020-2022 жж.

– AP14870596 «Жайылымдар экожүйесін ұтымды пайдалану мен қорғауды құқықтық реттеу мәселелері» ғылыми жобасының орындаушысы. Іске асыру мерзімі 2022-2024 жж.

– AP14872548 «Қазіргі экологиялық құқықтық тәртіп: Қазақстан ісі» ғылыми жобасын орындаушы. Іске асыру мерзімі 2022-2024 жж.

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі (серия МК № 000032, 2021 ж.).

 

Жоба орындаушылары:

·         Омархан Мейрамбек Жанатханұлы

·         Байбол Жанбол Ерболұлы

ü  IT иновациялық идеялар мен стартап жобалар байқауына белсене қатысып, «Zhansugurov college» инновациялық идеялар дамуына үлес қосқаны үшін – «Алғыс хат»

ü  KAZENEGY – дің бес жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Student Energy Challenge-Junior» байқауында колледж  командалары арасында үздік ондыққа кірдік.

ü  «Zhansugurov coollege-інде» өткен start-up байқауда бас жүлде;

ü  Талдықорған қалалық «Менің азаматтық көзқарасым» пірісайыс турнирі II – орын;

ü  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мен-Кәсіпкермін» Республикалық Гранд және парламенттік дебат турниріне белсене қатысқаны үшін – Мадақтама

 

 

ü  «Nur-Sultan қаласында өткен»  CLIMATE CHANGE тақырыбында СТАРТАП УИКЕНД  жобалар байқауында бас жүлдеге ие болып, 1 жылдық оқу грандтын ұтып алдық.

ü  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Менің Қазақстаным» атты университетішілік фестиваль аясында университет пен «Zhansugurov college» дамуына үлес қосқаны үшін – Алғыс Хат;

ü  Алматы қаласында өткен Startup Weekend Blockchain форумында, ерекше көзге түсіп  –  Сертификатпен марапатталды;

ü  «Jetisu Startup» инновациялық жобалар байқауында Үздік Био-Технологиялық жоба және Бас Жүлдемен қатар 100 000 теңге сомасындағы қаражатты қанжығамызға байлаған болатынбыз.

ü  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына орай «JETISÝ JASTARY-2022» аймақтық жастар форумында – II орын;

ü  «ENACTUS NATINOL EXPO 2022» байқауының жартылай финалисті, «WATER RACE», «OLZHA AGRO» жарыстарының финалынисті атандым.

ü  Талдықорған қаласында өткен қалалық дебат турнирінде – 3 орын;

ü  Республикалық «Kazenergy Challenge Junior» 2022 колледж студенттерінің арасында өткен байқауында – 1 орын.

ü  «Менің- Арманым» Республикалық инновациялар байқауы – 3 орын;

ü  «Мен Кәсіпкермін» Республикалық гранд турнирының финалдық қорытындысы бойынша Өндірістік»  бағыты бойынша –  II орын;

ü  «ШЕРХАН МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДА» өткен «ӘРЕКЕТ-2023» бизнес – стартап жобаларының Республикалық конкурсында – 1 орын;

ü  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері мен магистранттары арасында  өткізілген «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»  саласындағы жобалар байқауында – 1 орын;

ü  «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2023» ұлттық кубогының лигада Enactus Zhansugurov College командасы жылдың үздік командаларының бірі атанып, команданың жылдық есеп беруі – Enactus демеушілерінің 500 000 теңге арнайы сыйлығына ие болдық.

ü  «Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму 17 бағыты», «Shell ой-көзқарасты дамыту», «Әлемдік экологиялық форум», «NX-Ploer» 54 сағаттық, «Просветительский Хакатон» кәсіпкерлік курстарынан өттім.

 

ü  2023 жылғы Республикалық колледж командалары арасында өткен Kaz-Energy-Junior байқауында екінші мәрте жеңімпаз атанып, 2500 доллар көлемінде грант жеңіп алдық.