Ашық есік күні

2023 жылғы 24 қараша күні Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Техникалық ғылымдар» жоғары мектебінде Ашық есік күні өтті. Жиын университеттің №2 оқу ғимаратында өткізілді. Шараға Талдықорған қаласының жалпы білім беру ұйымдарын бітіруші 150-ден аса түлек қатысты. Ашық есік күні мектеп оқушыларын қарсы алу, тіркеу, буклеттер таратумен басталды. Кездесу талапкерлерге жоғарғы оқу орны жайлы мағлұмат беріп, дұрыс таңдау жасауда кәсіби көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Ашық есік күнінде қатысушылар университет жүйесімен танысты. Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің базасын көріп, білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат алды.

Оқушылар ғылыми зертханаларда, IT орталығын, робототехника және мехатроника зертханасы, жаттығу залы, бокс залы, әскери кафедра, университет бассейні мен арнайы оқу залдарында болды.

Таныстырылым кезінде университеттің білім беру бағдарламалары, ғылыми жобалар, жастарға арналған мүмкіндіктер жайында анықтама берілді.

Мектеп оқушылары кездесуде мамандық таңдау, оқуға түсу және Жетісу университетінде білім алудың басымдықтары бойынша бірқатар сұрақтар қойды. Сауалдарға жоғары мектеп қызметкерлері, белсенді студенттер жауап берді. Болашақ жас талапкерлер Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің ғылыми әлеуетін іс жүзінде көре алды.