ГЕОГРАФИЯ БОЙЫНША ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

2023 жылдың 1 желтоқсанында жаратылыстану ғылыми бағыты бойынша БББ оқытушыларының ұйымдастыруымен география бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиадаға «География» білім беру бағдарламасының  2-3 курс білімгерлері қатысты. Олимпиада екі турдан тұрды – теориялық және практикалық. Теориялық турда студентер географияның бөлімдері бойынша GoogleTest тапсырмаларын орындады. Практикалық турда картадан глобустан тапсырмалар берілді. Нәтижесінде: 1 орын – Уразбекова Арайлым Маратовна; 2 орын – Болатпаев Жәнібек Жаңабайұлы; 3 орын – Жолдасқан Әділет Ерболатұлы.