«Жас биолог»

2023 жылдың 1 желтоқсанында Жаратылыстану ғылыми бағыты бойынша «Биология» мамандығының 1-3 курс білімгерлер арасында «Жас биолог» атты олимпиада өтті. Олимпиада екі турдан тұрды – теориялық және практикалық. Теориялық турда қатысушылар биологияның негізгі бөлімдері бойынша тест тапсырмаларын орындады: жасушалық биология, ботаника, омыртқасыздар мен омыртқалылардың зоологиясы, адам және жануарлардың анатомиясы мен физиологиясы, молекулалық биология, генетика, өсімдіктер физиологиясы, эволюциялық ілім. Олимпиаданың бастамасында Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша БББ жетекшісі Б.К.Оксикбаев қатысушыларды олимпиаданың ашылуымен құттықтап, сәттіліктер тіледі.

Олимпиада барысында қатысушылар биологияның негізгі бөлімдері бойынша жақсы білім деңгейлерін,өз шеберліктерін көрсетті. Жеке және командалық есепте орын келесідей бөлінді:

1 орын: «Қарлығаш» тобы – 3 курс

2 орын: «Жасуша» тобы – 2 курс

3 орын: «Антидене» тобы – 1 курс

Белсенді қатысқан үшін – «Иммунитет» тобы – 3 курс білімгерлері алды.