«Химия» олимпиадасы

2023 жылдың 1 желтоқсанында Жаратылыстану ғылыми бағыты бойынша «Химия» мамандығының 1-3 курс білімгерлер арасында «Химия» олимпиадасы өтті. Олимпиада екі турдан тұрды – теориялық және практикалық. Теориялық турда қатысушылар химияның негізгі бөлімдері бойынша тест тапсырмаларын орындады: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері, Органикалық химия, Аналитикалық химия, Физикалық химия. Олимпиаданың бастамасында Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша БББ жетекшісі Б.К.Оксикбаев қатысушыларды олимпиаданың ашылуымен құттықтап, сәттіліктер тіледі.

Олимпиада барысында қатысушылар химияның негізгі бөлімдері бойынша жақсы білім деңгейлерін, өз шеберліктерін көрсетті. Жеке және командалық есепте орын келесідей бөлінді:

1 орын: «Golden Group» тобы – 2 курс

2 орын: «Aurum’s» тобы – 1 курс

3 орын: «Алмаз» тобы – 3 курс