ZHETYSU-STARTUP-2024

2023 жылдың 15 қараша күні дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің жас ғалымдары арасында өткізілген «Zhetysu-Startup» инновациялық идеялар мен стартап жобалар байқауының нәтижелері жарияланды. Байқауға 2023 жылғы 02 қазаннан 10 қарашаға дейінгі аралықта өтінімдер қабылданды. Жалпы 5 өтінім келіп түсті. Өтінімдер байқау талаптарына сәйкес тексерілді. Нәтижесінде келесі жүлделі орындар анықталды:

1 орын- Әуел Әлішердің «Ерлік» әскери – патриоттық клуб арқылы жастарға экстремизм мен терроризмге қарсы түсіндіру жұмыстарын  үйымдастыру; 2 орын — Дүйсен Нұрбек «Sportify спортындағы жекелендірілген ұсыныстар жүйесі»; 3 орын – Оралова Жұлдыз «Тоқыма жіптерінен түрлі бұйымдар жасау әдісі».

Сонымен қатар, байқау қатысушыларына университетішілік «Zhetysu – Startup» инновациялық идеялар мен жобалар байқауының ережелері таныстырылып, стартап жобаларды дайындаудың нұсқаулары берілді. Байқау жеңімпаздары «ZHETYSU-STARTUP-2024» инновациялық жобалардың ЖОО ішіндегі байқауына қатысуға жолдама алды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған