КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

Қалыптасқан дәстүр бойынша, «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс  тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» БББ 4 курс студенттерін қала және облыс мектептерінде педагогикалық практикадан үздік өтуге дайындау мақсатында Жетісу облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  кезекті оқыту семинарын өткізді, онда критериалды   бағалаудағы өз тәжірибесімен облыстың үздік педагогтары Е. Р. Филимонова,   Банецкая Н. Н.,   Комова И. В бөлісті. Семинарға қатысқан   3, 4 курс студенттері,   магистранттар  семинар барысында алған білімдері, біліктері мен дағдылары үшін мұғалімдерге ризашылықтарын білдірді. Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебі деканатының атынан педагогтарға алғыс хаттар табысталды.