ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2023 жылдың 8 желтоқсанында «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының 3,4-курс білімгерлеріне арналған педагогикалық іс-тәжірибеге бағыттау конференциясы өтті.

Іс-тәжірибе жетекшілері Н.Ж Сералиева, Б.Т. Рысдаулетова, Е.В.Сомова, Г.Н.Джиренбаева, М.К.Абайдельданова   білімгерлерді педагогикалық іс-тәжірибенің мақсат-міндеттері, бағдарламасы, негізгі есеп құжаттарының түрлерімен таныстырды.

Университет басшылығының шақыруымен 3-курста орыс тілін оқыту әдістемесі мен орыс әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша практикалық сабақтарды жұмыс берушілер жүргізетіні белгілі.  Джиренбаева Г.Н. мен Сомова Е.В. өз білімдері мен жинақтаған тәжірибелерін болашақ ұстаздармен бөлісуде күш-жігерлері мен уақыттарын аямады.

Білімгерлердің алғашқы іс-тәжірибесі Талдықорған қаласының үздік мектептерінде тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен өткені өте маңызды. Осыған сәйкес, 3-курс білімгерлері педагогикалық іс-тәжірибеден өту үшін Талдықорған қаласындағы НЗМ, №12 ОМГ және №18 ОМ   таңдады.

4-курс білімгерлері 3-курста тәжірибеден өткен НЗМ, №12 ОМГ және №14 орта мектеп-гимназиясында өтетін болды.   Конференция қызу және қызықты өтті.

 Бітіруші курс білімгерлері 3-курс білім алушыларымен өздерінің өткен жылы   өткен іс-тәжірибелерінен алған білімдері мен қиындықтарымен бөлісіп, оларға сәттілік тіледі.