«Психология және арнайы педагогиканың даму бағыты: ғылым мен тәжірибедегі трансформация» апталығының қорытынды семинары

08.12.2023 ж. Педагогика және психология жоғары мектебінде «Психология және арнайы педагогиканың даму бағыты: ғылым мен тәжірибедегі трансформация» апталығының қорытынды семинары болды.
Семинар «Жаңа стандарттарға көшу кезінде «Психология апталығы» – білім беру процесінің субъектілерін психологиялық қолдаудың бір түрі ретінде» деген ұранмен өтті.
Жоғары оқу орнында педагогикалық үрдіс субъектілерінің психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасау, олардың педагогикалық-психологиялық құзыреттілігін арттыру – осы іс-шараның басты нысаны болды.
Университетте бір апта ішінде өзара әрекеттесу стратегияларын, коммуникацияны, стресске төзімділікті қалыптастыруды және студенттердің қолайлы психологиялық көңіл-күйін қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу семинарлары мен тренингтер жүргізілді.
Семинарды жоғары мектеп деканы, философия докторы (PhD) Ерлан Сейілханұлы Хаймулданов ашып, семинар апталығында атқарылған іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
             Семинар барысында жоғары мектептің оқытушы-дәріскері, философия докторы (PhD) Райгуль Сериковна Желдибаева «Педагогика және психология білім беру бағдарламасының атласы» тақырыбында баяндама жасады.
             Университеттің профессор-оқытушылары құрамы мен қонақтар тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, мамандықтың болашақтағы перспективаларын айқындады.
Жоғары мектептің оқытушы-дәріскері, ф.ғ.к., Айгул Нурсайтовна Галиева «Инклюзивті мұғалім кім?» тақырыбында диалог-лекция өткізіп, облысымыздың қала, аудан және әр аймақтарынан келген мамандармен өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қатысушылары арнайы педагогика бағытына үлкен қызығышулық танытып, серіктестік бойынша ұсыныстарын білдірді.
Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының жетекшісі, философия докторы (PhD) Бибигуль Жексембаевна Альмухамбетова қорытынды сөзінде семинар қатысушыларына апталыққа белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, педагогика және психология білім беру бағдарламаларының даму бағыттары жайлы ой бөлісті.
Семинар cоңында апталықтың белсенді қатысушыларын Басқарма Төрағасы – Ректор, г.ғ.д., профессор Қуат Маратұлы Баймырзаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды!