Тәуелсіздік, Еркіндік, Азаттық, Бостандық. Осы төрт ауыз сөздің құдіреті қаншама?! Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Бабаның қанымен, ананың жасымен келді.Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерді бастан өткізді.
Тәуелсіз елді тек азат ойлы азаматтар құрады. Еркін елдің ертеңі қандай болатыны біздің әрқайсымыздың іс-әрекеттерімізге байланысты, Мәңгілік елдің ең ұлық мерекесі- Тәуелсіздік күніне орай дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің ұжымы білімгерлермен бірге әрбіріміздің кеудеміздегі рухты оятып,азат елдің азаматтары екендігін тағы бір рет растау мақсатында ұлттық киіммен бір күнін осы мерекеге арнады.
Бүгінгі күні елімізде қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман деп мақтанышпен айта аламыз. Қазақтың шын есімі-Тәуелсіздік!