Тағылымдама

«Болашақ» бағдарламасының түлегі елге оралды

Жетісу университетінің оқытушысы Ж.Есенбек Нью-Йорк фильм академиясынан (New York Film Academy) бір жылдық тағылымдамадан өтіп, «Broadcast Journalism» бағдарламасы бойынша диплом алды.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының жетекшісі, (PhD) Философия докторы Жұмағали Есенбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ –та білім алып, заманауи ақпарат таратудың құзыреттіліктерін меңгеріп қайтты. Ол конвергентті журналист ретінде қабілетін шыңдап, медианың барлық түрінде ақпарат өңдеудің қыр-сырын үйренген. «Қазіргі толассыз ақпарат тасқыны кезеңінде конвергентті журналистиканы меңгеру аса маңызды. Өйткені ақпарат таратудағы тапқырлық қазіргі заманың басты сұранысына айналып отыр. Одан бөлек, ақпарат тарататын адам барлық саладан хабардар болып қана қоймай, медиатехнологияны жақсы меңгергені дұрыс. Біз профессионалды камерамен видео түсіруді, монтаждауды, продюссерлікпен айналысуды, ағылшын тілінде сценарий жазуды, подкаст жасауды, жаңалық жүргізу технологияларын үйрендік. Ағылшын тіліндегі жаңалықтарға продюсерлік жасадым. Фред Силвермен, Роберт Ферраро, Бил Эйнрэйнхофер, Евгения Власова, Энрико Розетти, Даниель Хернандес, Джон Файдер сынды білікті мамандардан дәріс алдым. Нью-Йоркте білім алуға мүмкіндік берген «Болашақ» бағдарламасына алғысым шексіз!», – дейді Жұмағали Бейсенбайұлы. Сондай-ақ тағылымдама барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының және «NBC», «Fox news» АҚШ телеарналарының жұмысымен танысудың сәті түскен.