Журналистер, тек алға!

 І. Жансүгіров  атындағы Жетісу университеттің профессорлық  оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын  насихаттап, олардың жекелей   спорттық   шеберліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті.

Сайыстың әділ өтуін қадағалап, төрелік еткен  Ө. Танабаев, Т. Рахатов, Д. Сабитов, Б. Битлеуов, Е. Досымбеков, М. Себепов, К. Ахметов, М. Кажыканов, А. Гуламов. Жарыс волейбол, гір көтеру, жүзу, стол теннисі, арқан тартыс және т.б.  спорт түрлерінен өтті.

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері Ілесбек Әлбатырұлы тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан жүлделі бірінші орынды қанжығасына байласа, Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының жетекшісі, оқытушы-дәріскері, (PhD) философия докторы Есенбек Жұмағали Бейсенбайұлы шахмат ойындарынан 3-ші орынға жайғасты.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Басқарма мүшесі – жастар саясаты жөніндегі проректор Сериев Болат Абдулдаұлы қатысушыларға грамота ұсынып, жылы лебізін білдірді.