Қысқы мектеп

09-12 қаңтар аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде педагогикалық шеберлік-2024 қысқы мектебінің жұмысы басталды.

Қысқы мектептің мақсаты: университеттің профессорлық-оқытушы құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, жаңа инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу.

Пленарлық отырыстың жұмысы Астана және Талдықорған қалаларының «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының баяндамашыларын, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының жетекші оқытушыларын, Талдықорған қаласының «Rich TELS» психологиялық сүйемелдеу орталығының маманын офлайн және онлайн форматта тартуға негізделді. Секциялық отырыстың бастауы университеттің жетекші оқытушыларының (Р. Желдібаева, Ә. Абдулаева, Ж. Ахметов) Coursera платформасында жаппай ашық онлайн курстарын әзірлеу және өту туралы семинарлар болды. Келесі күндері бағдарламаға сәйкес университеттің барлық білім беру бағдарламалары қамтылған әр жоғары мектептердің секциялық отырыстары жоспарланды.

Педагогикалық шеберлік-2024 қысқы мектебінің ерекшелігі оқытудың әртүрлі бағыттарындағы профессорлық-оқытушы құрам қолданатын жаңа инновациялық технологияларды игеру, тәжірибе алмасу мақсатында басқа жоғары оқу орындарынан дәріскерлерді тарту болды.