Қысқы мектеп

09-12.01.2024 ж. уақыт аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, жаңа инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу мақсатында “Қысқы мектеп” педагогикалық шеберлік әдістемелік аптасы өтуде. Әдістемелік апта негізінде 11.01.2024ж. сағат 14:00-16:00 уақыт аралығында  дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің секциясы өтті, секцияда жоғары мектеп ПОҚ және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен Музыкалық білім және хореография кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), п.ғ.к., Ш.Какимова, Қазақ спорт және туризм академиясы, Олимплиадалық спорт факультетінің деканы Р.Саутов баяндамаларымен қатысты. Секцияда балаяндамалар бойынша пікір алмасу, сұрақ жауап арқылы кері байланыс орнады.