І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті бойынша 09.01-12.01.2024 ж. аралығында өтіп жатқан «Педагогикалық шеберлік» «Қысқы мектеп-2024» Педагогика және психология жоғары мектебінде 10-шы қаңтар күні жалғасын тапты.
Секция отырысына университет жоғары мектептерінің профессор-оқытушылары құрамы және басқа білім беру ұйымдарынан қатысты. Секция отырысы офлайн және онлайн форматта Zoom платформасы қосымшасы арқылы ұйымдастырылды.
Секция отырысының модераторы Педагогика және психология жоғары мектебінің Академиялық комитет торайымы – оқытушы-дәріскер, ф.ғ.к., А.Н. Галиева жүргізді. Секция отырысын жоғары мектеп деканы, философия докторы (PhD) Е.С. Хаймулданов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Секция отырысында ғылыми мазмұнды баяндамаларымен п.ғ.д., профессор Н.А. Абишев, оқытушы-дәріскер, философия докторы (PhD) Р.С. Желдибаева, педагогика және психология білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Ж. Нұрмухамедқызы «Трансформация образования: настоящее и будущее» тақырыбында, оқытушы-дәріскер, философия докторы (PhD) Г.С. Майлыбаева, «Қазіргі заманғы көпсалалы колледж» ЖМ директоры Абылайхан С.М. (Қарағанды қ.) «Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік мәдениет негіздерін қалыптастыру технологиясы» тақырыбында және оқытушы-дәріскер, п.ғ.к. Ж.Р. Жексембаева «Қазақстандағы балаларға қосымша білім беру ұйымдары: бүгіні мен болашағы» тақырыбында бөлісті.
Тәжірибелік алаңда білім берудегі трансформация, мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік мәдениет негіздерін қалыптастыру технологиясы, Қазақстандағы балаларға қосымша білім беру ұйымдары мәселелері қызу талқыланды.