2023 жылдың желтоқсан айында Дүниежүзілік Банктің орта білім беруді жаңғырту жобасы аясында жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын масштабтау бойынша жұмыс басталды. Қазақстанның 17 педагогикалық ЖОО-нан 50 оқытушы оқытудан өтті, оның ішінде университеттің сапаны қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі А. Беделбаева және үздіксіз білім беру орталығының директоры Н. Жанатбекова «жаттықтырушы» сертификаттарын алды.
2024 жылғы 8-12 қаңтар аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 39 оқытушыға арналған педагогикалық білім беру бағдарламаларын масштабтау жұмысы басталды. Онлайн семинарлар апталығы барысында тыңдаушылар заманауи педагогикалық білім беру трендтері туралы білді, студенттік орталықтандырылған оқытуды дамыту мәселелерін, белсенді оқытуды және педагогтардың IT құзыреттіліктерін дамыту мәселелерін қарастырды, білім беру үдерісін бағалау бойынша тәжірибелік дағдыларын кеңейтті.