«Педагогикалық шеберлік-2024» қысқы мектебі

2024 жылдың 12 қаңтарында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде «Педагогикалық шеберлік-2024» қысқы мектебінің секциялық отырысы өтті.

Университет профессор-оқытушылар құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, жаңа инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу мақсатында жүргізілген қысқы мектепте гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі білім беру бағдарламаларының профессор-оқытушылар құрамы: Ишкалова Г.С. (Тақырыбы: «Кері байланыс орнатуда падлет платформасын пайдалану»), Абайдельданова М.К. (Тақырыбы: «Развитие коммуникативных навыков студентов в группах с нерусским языком обучения»), Шыныбекова А.С., Омарбекова Г.М. (Тақырыбы: «Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі») семинар жүргізді.

Семинарға Талдықорған қаласы №12 Орта мектеп гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Туманбаев Р.К., Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), п.ғ.к. Рауандина А.Қ. қатысып өз тәжірибелерімен бөлісті.