«Педагогикалық шеберлік 2024»

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті бойынша 09.01-12.01.2024ж. аралығында  өтіп жатқан педагогикалық шеберлік «Қысқы мектеп 2024» 12қаңтар  Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде жалғасын тапты.Секция отырысына университет жоғары мектептерінің профессор-оқытушылары құрамы қатысты. Сессия отырысында ғылыми мазмұнды баяндамаларымен Шетел тілдері және аударма ісі БББ қауымдастырылған профессоры А.С.Шыныбекова «Қашықтан оқытуда критериалды бағалау», 12 мектеп ағылшын тілі пәні мұғалімі Р.К.Туманбаев «Ағылшын тілін оқытуда сыныптан тыс іс-шаралардың ролі» тақырыбында бөлісті. Практикалық бөлімде оқытушы-ассистент Г.М.Омарбекова шетел тілін оқытуда қолданылатын пайдалы платформа түрлерімен таныстырды. Қысқы мектеп отырысы жоғары ғылыми-практикалық  дәрежеде өтті.