2023 жылға арналған «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» ғылыми жобасын іске асыру есебі

          Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің зерттеушілік құзыреттілігі арқылы шығармашылық қабілетін дамытудың негізгі іргелі ұстанымдары мен тұжырымдамалары айқындалып ғылыми-әдістемелік әдебиеттер талданды, мазмұндық аннотация құрастырылды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін  дамытудағы концептуалды мазмұнынды ғылыми-әдістемелік зерттеулері қарастырылып, аннотацияланған библиография жасалды, онда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселесі бойынша шет елдер мен ТМД елдері ғалымдарының еңбектері қаралып, зерттелді. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту мәселелері отандық және шетелдік еңбектерде қарастырылады.

         Жоғары оқу орындарының (І.Жансүгіров атындағы ЖУ, Абай атындағы ҚазҰПУ) болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне сауалнама жүргізілуде, және Жетісу облысы мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне де сауалнама жүргізілуде. Сауалнама нәтижелері бойынша зерттеу тобы ҚР БҒССҚК басылымдар тізіміне кіретін журналға болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі бойынша ғылыми мақала дайындады. Сауалнама нәтижелерін өңдеу жалғасуда. Сауалнамаға 158 бастауыш сынып мұғалімдері және 280 білім алушылар қатысты

         Болашақ бастауыш сынып мұғалiмiнiң зерттеушілік құзыреттілігі арқылы шығармашылық қабілетін дамыту тәсiлдерi анықталуда. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін келесі мақалалар дайындалып, жарияланды:

1) Ыбраимжанов К.Т., Кыстаубаева Б.К., Таурбекова А.С. Development of creative abilities of future primary school teachers through the improvement of their research competencies // VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «ДСҰ-ға мүшелік: ғылыми зерттеулер мен халықаралық технологиялар нарығының болашағы», Эдмонтон қ. (Канада) 18-20 қазан 2023 ж. 220-225 бет.

2) Таурбекова А.С. Қарым-қатынас баланың ана тілінде сөйлеу дағдыларын дамытудың негізгі шарты ретінде // ЕҰУ хабаршысы. Педагогика сериясы. 2023. № 3 (102). 63-75 бет.

3) Ыбыраимжанов К.Т., Таурбекова А.С., Тынысханова А.Т. «Развитие исследовательских компетенций будущих учителей начальных классов» // «Қазіргі заманғы ғылым, білім және технология» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, Талдықорған қ., І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті. 20 қазан 2023 ж. 438-443бет.

4) Фейзулдаева С.А. Болашақ бастауыш білім педагогтерінің фасилитациялық құзыреттілігін қалыптастырудың диагностикасы // Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(79), 2023 ж. 140-157 бет.

        Мақалаларда бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық зерттеу қызметі контекстінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігінің негізгі түсініктері мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары талданады. Жоғары мектепте болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы, кәсіби қасиеттерін тиімді дамыту үшін кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың кезеңдері анықталды.

         2023 жылдың 12-18 қазан аралығында жоба мүшелері А.С.Таурбекова, Г.К. Есполова, А. Болатбекова, А.Т.Тынысханова тәжірибе алмасу мақсатында Тбилиси қаласындағы Кавказ уинверситетіне  іс-сапармен барып қайтты. Іс-сапар барысында Кавказ білім беру мектебінің деканы Алуда Гоглидзе, білім беру бағдарламаларының әкімшілік директоры Саломе Читорелидзе және Грузия мемлекетінің Ғылым және Білім министрлігінің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру департаментінің қызметкері Нико Силагадземен  білім беру жүйесіндегі мәселелер мен болашақ мұғалімдерді даярлау ерекшеліктері жайлы пікір алмасты. Сапар барысында ЖОО білім берудегі педагогикалық үрдісте қолданылатын  әдіс-тәсілдер талданып, әртүрлі ресурстарды пайдалану жолдары көрсетілді, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзіреттілігін қалыптастыру жайлы сөз қозғалып, ой бөлісті,  жоба тақырыбы аясында біліктілікті  арттырып сертификат алынды.