«Роботты басқару алгоритмі» №28 it мектеп-лицейінде ашық сабақ өтті

26.01.2024 жылы Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің бастапқы әскери дайындық білім беру бағдарламасының 4 курс білімгері Әуел Әлішер Кеңшілікұлы өндірістік практика барысында «Роботты басқару алгоритмі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа практика әдіскерлері оқытушы-дәріскер Джанабаев Кайрат Темиргалиевич, оқытушы-ассистент Жаңабай Абылай Айдарұлы және Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Базаралин Айбек Алыбаевич қатысты.